7kun.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Әлемдік нарықта алтын бағасы төмендеді.
Bloomberg мәліметінше, сауда сессиясының басында бір унция алтын шамамен 4720 доллар болса, кейін 4718 долларға дейін арзандаған.
Сарапшылардың бағалауынша, Таяу Шығыстағы шиеленіс басталғалы бері алтын құны жалпы 10%-дан астамға төмендеген.
Бағаның түсуіне Дональд Трамптың Иранмен атысты тоқтату режимін ұзарту туралы шешімі әсер еткен. Нарықтағы геосаяси тәуекелдердің азаюы инвесторлардың «қауіпсіз активке» деген сұранысын төмендеткен.
Сонымен қатар, АҚШ Федералдық резерв жүйесі төрағалығына кандидат Кевин Уорштың мәлімдемесі де нарыққа ықпал етті. Ол пайыздық мөлшерлеме бойынша тәуелсіз саясат ұстанатынын және инфляциямен күрес үшін жаңа тәсілдер қажет екенін атап өтті.
Еске салайық, Иран АҚШ-пен келіссөздердің екінші кезеңіне қатысудан бас тартқан. Соған қарамастан, Вашингтон бітімді уақытша ұзарту туралы шешім қабылдады. АҚШ тарапы Иранға келіссөздер үшін уақыт бергенімен, санкциялық қысым мен әскери дайындық сақталатынын мәлімдеді.
Сарапшылардың пікірінше, геосаяси тұрақсыздық бәсеңдеген сайын алтын бағасының құбылмалылығы сақтала береді.