АҚШ пен Иран арасындағы келісім жасалғаннан кейін мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

15.06.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Сауда-саттық басталғаннан кейін мұнайдың әлемдік бағасы АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен келісім жасалғаны туралы мәлімдемесінен соң 3,92 пайызға төмендеп, барреліне 83,91 долларды құрады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұған дейін Трамп Иранмен келісім жасалғанын хабарлап, теңіз блокадасын тоқтатуды тапсырған болатын.

Астана уақытымен сағат 03:05-тегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың маусымдық фьючерстері алдыңғы жабылу көрсеткішімен салыстырғанда 3,92 пайызға арзандап, барреліне 83,91 доллар болды. Ал WTI мұнайының маусымдық фьючерстері 4,55 пайызға төмендеп, 81,02 долларды құрады.

Жексенбі, 14 маусымда АҚШ пен Иран бейбіт келісім жасасты. Бұл ақпаратты АҚШ президенті Дональд Трамп, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф және Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гариб-Абади растады. Қол қоюдың ресми рәсімі жұма күні, 19 маусымда Швейцарияда өтеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью