АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер басталып, үзіліс жарияланды

26.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Женева қаласында Тегеранның ядролық бағдарламасына қатысты АҚШ пен Иран арасындағы жанама келіссөздердің кезекті кезеңі басталды. Кездесу Оман сұлтандығының арағайындығымен, Женева көлінің жағасындағы омандық дипломатиялық резиденция аумағында өтіп жатыр.

Иранның Tasnim агенттігі мен мемлекеттік телеарнасының мәліметінше, консультациялар басталғаннан кейін үш сағат өткен соң тараптар кеңесу үшін үзіліс жариялаған. Халықаралық ақпарат құралдары америкалық делегация мінген болуы мүмкін кортеждің Оман резиденциясы аумағынан шығып кеткенін хабарлады.

Келіссөздерге арағайындық жасап отырған Оманның сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаиди үзіліс жасалғанын растады әрі байланыстардың ахуалын оң бағалады.

— Бүгін Женевада біз креативті әрі позитивті идеялармен алмастық. Қазір америкалық және ирандық делегациялар үзіліс алды, келіссөздер кейінірек жалғасады. Бұдан да ілгерілеуге қол жеткіземіз деп үміттенеміз, — деп жазды ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью