АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздердің алғашқы кезеңі 11 сәуірде өтеді Ақ үй

09.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ақ үйдің мәліметінше, келіссөздерде АҚШ атынан вице-президент Джей Ди Вэнс қатысады.

Бұған дейін Пәкістан премьер-министрі келіссөздер 10 сәуір, жұма күні Исламабадта басталады деп күтіліп отырғанын айтқан еді.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт Вашингтон АҚШ пен Иран арасындағы екі апталық бітім келісіміне Ливан кірмейтінін растады. Оның айтуынша, Израиль 8 сәуір, сәрсенбі күні соғыс басталғалы бергі Ливанға жасалған ең ауқымды соққыны жүзеге асырған.

Сондай-ақ Ақ үй өкілі АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды бітім келісіміне сәйкес Ормуз бұғазын ашуға мәжбүрлейтінін мәлімдеді.

Reuters агенттігінің жазуынша, Иран бастапқыда АҚШ қабылдамаған ұсыныс жасағанымен, кейін Таяу Шығыстағы соғысты тоқтатуға қатысты неғұрлым тиімді жоспар ұсынған.

Кэролайн Левитттің айтуынша, Тегеран байытылған уранды беруге келісуі мүмкін. Ол сондай-ақ бітім жарияланар алдында Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлескенін жеткізді.

Бұған дейін Тегеран Израильдің Ливандағы «Хезболла» ұйымына қарсы ауқымды соққысынан кейін, онда 100-ден астам адам қаза тапқанына, Вашингтонмен жасалған келісімге қарамастан Ормуз бұғазын қайта жапқаны хабарланған еді.

Еске салайық, 8 сәуірге қараған түні АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді. Келісімге Израиль де қосылды, алайда Ливанды қамтымайды. Бұл елде Израиль Иранды қолдайтын «Хезболла» ұйымына қарсы әскери әрекеттерін жалғастырып жатыр.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью