Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. АҚШ пен Иран өзара түсіністік туралы соңғы меморандум мәтінінде бірнеше ымыраға келді, деп хабарлайды РИА Новости Mehr ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Вашингтон:
Иранның бұғатталған активтерінен 24 миллиард АҚШ долларын босатуға;
бұл ақшаның жартысын мәміле жасалғанға дейін қайтаруға;
Тегеранға мұнай санкцияларын алып тастау және жаңасын енгізбеуге;
одақтастарымен бірге Иран экономикасын қалпына келтіруге бағытталған көлемі кемінде 300 миллиард доллар болатын жоспарын ұсынуға міндеттелді.
Иран:
Ядролық қаруды таратпау туралы шарт бойынша өзінің міндеттемесін орындауға;
ядролық қару жасамауға міндеттелді.
Сонымен бірге, Иранның зымырандық бағдарламасы АҚШ-пен келіссөздердің күн тәртібінен шығарылды.
Қорытынды келісім БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарымен бекітіледі.
Келісімге 19 маусымда Швейцарияда қол қойылады.
Екі ел билігінің мәліметі бойынша, АҚШ өзінің теңіз блокадасын тоқтатып, Ормуз бұғазын ашады.
Осыдан кейін Италия, Франция, Германия және Ұлыбритания Иранға қарсы санкцияларды жоюға дайын екендіктерін мәлімдеді.
"Біз АҚШ пен Иран арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумның жариялануын құптаймыз... Біз Иранның ядролық бағдарламасына қатысты нақты, сенімді қадамдарына жауап ретінде тиісті санкцияларды алып тастауға дайынбыз", - делінген Еуропаның төрт елінің ортақ мәлімдемесінде.