Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
АСТАНА, 12 сәуір – Sputnik. Исламабад қаласында АҚШ пен Иран арасында келісім жасалмады. АҚШ делегациясы Пәкістаннан кері қайтып жатыр, деп хабарлады АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс.
Екі ел бірнеше мәселе бойынша ортақ келісімге келгенімен, 2-3 тармақ бойынша пікір қайшылығы туындап, соның салдарынан келісім жасалмай қалды, деп хабарлады Иран Сыртқы істер министрлігі.
Америкалық тарап келіссөздегі ұсынысты "кесімді және ең тиімді ұсыныс" деп сипаттады.
Келіссөзде Ормуз бұғазы мәселесі, ядролық бағдарлама, өтемақы төлеу, санкцияларды алып тастау және аймақтағы қақтығысты түпкілікті тоқтату мәселелері талқыланған.