Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Иран мен АҚШ арасындағы ықтимал келіссөздер туралы хабарлар аясында әлемдік мұнай бағасы күрт төмендеді. Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 105 доллардан төмен түсті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана уақытымен сағат 08:05-тегі жағдай бойынша, Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қаңтардағы фьючерстері 7,8 пайызға арзандап, барреліне 104,58 долларды құрады.
ice.com сайтынан скриншот
Америкалық WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 7,18 пайызға төмендеп, барреліне 96,64 долларға жетті.
ice.com сайтынан скриншот
Мұнай неге арзандап жатыр?2 қарашада Иран президенті Масуд Пезешкиан жоғарғы көшбасшы Моджтаба Хаменеи Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату үшін үкіметке АҚШ-пен келіссөздер жүргізуге рұқсат беріп, өкілеттік жүктегенін мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрлігі де елдің Вашингтонмен делдалдар арқылы дипломатиялық хабарламалар алмасуды жалғастырып жатқанын растады. Сыртқы істер министрі Аббас Арагчи байланыс орнатуда Қатар мен Пәкістанның белсенді делдалдық рөл атқарып жатқанын хабарлады.
АҚШ тарапынан келіссөздердегі ілгерілеушілікті вице-президент Джей Ди Вэнс растады. Оның айтуынша, америкалық тарап ирандық өкілдермен бірқатар сындарлы байланыстар өткізген, ал журналистермен сөйлесер алдында ол бұл мәселені президент Дональд Трамппен талқылаған.
Өз кезегінде Трамп мұнай бағасының күрт төмендеуін нарықтың "Иранға қарсы ауқымды соғыс қимылдары қайта басталмайды" деген күтуімен байланыстырған.
"Мұнай бағасы тасша құлдырап жатыр - барреліне қазірдің өзінде 10 долларға жуық арзандады, бұл рекорд көрсеткіш. Өйткені адамдар Иранмен соғыс болмайтынын сезіп отыр. Иран жағдайдың тезірек реттелгенін қалайды. Бұл орындалуы мүмкін!" - деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
Axios порталына берген сұхбатында Трамп Вашингтонның Тегеранға қарсы соғыс қимылдарын қайта бастауға "асықпайтынын" да мәлімдеді. Кейінірек журналистердің 3 қарашада өтіп жатқан АҚШ-тағы аралық сайлаудан кейін Иранға жаңа соққылар жасалуы мүмкін бе деген сұрағына ол қысқаша ғана "Жоқ" деп жауап берді.
Қазақстан мұнайына қатысты ахуал қандай?Қазақстандық экспорттық CPC Blend маркасы да жоғары деңгейде саудаланып жатыр. 2 қарашадағы жағдай бойынша оның бағасы бір күнде 4,21 пайызға төмендеп, барреліне 128,02 долларды құрады.
oilprice.com сайтынан алынған скриншот
Бұған дейін Tengrinews.kz қазақстандық мұнайдың кейбір кезеңдерде эталондық Brent маркасынан қымбат болғанын жазған еді. Сарапшылар бұл жағдайды жеткізу бағыттарының өзгеруімен, баламалы көздерден алынатын шикізатқа сұраныстың артуымен, сондай-ақ әскери тәуекелдерге байланысты танкерлерді фрахттау және жүктерді сақтандыру шығындарының өсуімен түсіндірді.
Бағаның өсуі Қазақстан үшін не білдіреді?Қазақстан үшін әлемдік мұнай бағасының көтерілуі экспорттық табыс пен бюджетке түсетін түсімдердің ұлғаюын білдіруі мүмкін. Мұнайдан түсетін табыс Ұлттық қордың толығуына және валюта нарығындағы жалпы ахуалға да әсер етеді.
Сонымен қатар оң әсер тек бағаға емес, өндіру және экспорттау көлеміне, тасымалдау шығындарына және шикізатты сату шарттарына да байланысты болмақ.
Қазақстанның 2026–2028 жылдарға арналған бюджетінде базалық көрсеткіштер бекітілген: мұнайдың барреліне 60 доллар және доллар бағамы 540 теңге. Атап айтқанда, экспорттық кірістер мен мемлекеттік шығыстар осы параметрлер негізінде есептеледі.
Сонымен қатар Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджет жобасында мұнай бағасы барреліне 70 доллар деңгейінде белгіленген. Ұлттық экономика министрлігінің хабарлауынша, бұл бағдар шамамен 18 халықаралық қаржы ұйымының консенсус-болжамы негізінде қалыптасқан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу