Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Фото: Reuters
Екі ел арасындағы келіссөздер шиеленісті жағдайда өткен. Келіссөз барысында Тегеран Ормұз бұғазын қайта жабу туралы мәлімдесе, ал АҚШ тарапы Иранға қарсы шабуылдарды қайта бастауға дайын екенін айтқан.
Алайда медиатор елдер – Қатар мен Пәкістан таратқан бірлескен мәлімдемеге сәйкес, тараптар 60 күн ішінде түпкілікті келісімге келу үшін жол картасын жасауға келіскен.
Келіссөздердің негізгі кезеңі аяқталғанымен, техникалық деңгейдегі талқылаулар апта бойы Буэргеншток курортында жалғаспақ.
Еске сала кетейік, бұған дейін қос тарап 60 күндік өзара түсіністік меморандумына қол қойған еді. Осыған сәйкес, Пентагон бұғаздағы блокаданы алып тастаса, Иран Ормұздағы кемелерден аталған уақыт аралығында алым алуды тоқтататынын мәлімдеген болатын. Алайда күні кеше Израильдің Ливанға жасаған соққыларынан кейін Иран Ормұз бұғазын қайта жапты. Тараптар Таяу Шығыстағы шиеленісті тоқтату үшін Швейцарияда кездесті.