АҚШ пен Иранға қақтығысты тоқтату жоспары ұсынылды

07.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АҚШ пен Иранға әскери іс-қимылдарды тоқтатуға арналған аралық жоспар ұсынылды. Құжатқа сәйкес, алдымен дереу атысты тоқтату көзделіп, кейін 15–20 күн ішінде жан-жақты келісім бойынша келіссөздер басталуы тиіс. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Бастама Пәкістанның арағайындығымен әзірленген. Ол үшін дүйсенбіге қараған түні Пәкістан армиясының бас штабының бастығы Асим Мунир, АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс, АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткофф және Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи арасында қарқынды байланыстар жүргізілген.

Агенттік дерегінше, бірінші кезеңде атысты тоқтату туралы келісім жасалып, одан кейін тараптар 15–20 күн ішінде ұзақ мерзімді реттеу жолдарын талқылауға көшеді.

Бұған дейін Axios АҚШ, Иран және өңірлік делдалдар екі кезеңнен тұратын келісім аясында 45 күнге дейін созылатын кеңейтілген бітім мүмкіндігін де қарастырып жатқанын хабарлаған. Бұл бастама соғысты толық тоқтатуға алып келуі мүмкін.

Сонымен қатар Тегеран уақытша бітім аясында Ормуз бұғазын ашуға келіспейтінін және шешім қабылдауға қатысты ультиматумдарды қабылдамайтынын мәлімдеді. Иран тарапы АҚШ-тың тұрақты атысты тоқтатуға дайын екенін көрсетпей отырғанын да атап өтті.

Дүйсенбі күні Тегеранда билік өкілдері ұсынылған шарттарға қатысты өз талаптары мен ұстанымдарын қалыптастырғанын хабарлады.

Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілі Эсмаил Багаи келіссөздер ультиматумдар мен қысым жағдайында жүргізілмейтінін айтты.

Оның сөзінше, АҚШ бұған дейін ұсынған талаптар шамадан тыс болғандықтан қабылданбаған.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Тегеран 48 сағат ішінде келісімге келуі тиіс екенін мәлімдеген.

Оның айтуынша, бұл мерзім сақталмаған жағдайда Вашингтон Иранның энергетикалық және көлік инфрақұрылымына соққыларды күшейтуге дайын.

Иран Трамптың жаңа ультиматумынан бас тартты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью