АҚШ пен Иранның бейбіт келісімі: Таяу Шығысқа әуе рейстері қашан ашылады

15.06.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев АҚШ пен Иранның бейбіт келісімінен Таяу Шығысқа әуе рейстерін ашу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты әуе қатынасы тоқтатылған болатын.

"Біз Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайды бақылап отырмыз. Жақын арада тиісті ұсынымдар беріледі, я болмаса, сырқы істер министрлігінің ресми ақпараты жарияланатын болады", - деді Жетібаев бүгінгі брифингте.

Оның айтуынша, барлығы Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты болады. Жағдай тұрақты, әуе қатынасына қауіп төнбесе, әуе рейстері қайта ашылады.

Айта кетері, бұған дейін Таяу Шығыс елдерінен 10 275 қазақстандық эвакуацияланған болатын. Сол кезде сыртқы істер министрлігі ол жаққа бармауға да кеңес берген.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью