АҚШ пен Израиль Тегеранға шабуыл бастағалы 460 адам қаза тапты

11.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарлауынша, Тегеран қаласының жедел медициналық көмек департаментінің орынбасары Мехр Суруш қалаға жасалған шабуылдардан болған адам шығындарын жария етті.

Ирандық шенеуніктің мәлімдеуінше, шабуылдар салдарынан 460 адам ажал құшып, 4 309 адам жараланған.

Сонымен қатар, адам шығынынан бөлек шабуылдардан 18 жедел жәрдем көлігі мен 18 жедел медициналық қызмет орталығы зақымданған.

28 ақпаннан бастап, АҚШ пен Израильдің шабуылдары басталғаннан бері Тегеран қаласы әуе соққыларының нысанына айналды. 

Ирандағы 6668 азаматтық нысан АҚШ пен Израильдің шабуылына ұшырағаны анықталды.

Осыған дейін Иран зымыран соққыларының саны мен қуатын арттыратынын хабарлады.

Өз кезегінде АҚШ Иранның уранын басып алу үшін арнайы операция жүргізуді қарастырып жатқаны белгілі болды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью