АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы қандай пікірлерді жоққа шығарды

18.04.2026

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

– Ирактағы соғыста да, Югославияда да авиация шешуші рөл атқарады деген көзқарас қалыптасты. АҚШ бұл салада өте мықты. Теория бойынша, жердегі зениттік зымыран кешендері авиация басым болғанда, қарсылық таныта алмауы тиіс еді. Иранда бұл көзқарас шайқалды. Авиациямен мәселе шешілмейді. Бәрібір сонау орта ғасырлардан бері келе жатқан, Екінші дүниежүзілік соғыстан бері келе жатқан ұстаным бойынша, жаяу әскерсіз ештеңе шешілмейді. Сол байқалды, – деді ол.

Сонымен қатар, әскери техникаға қатысты жарнаманың тым әсіреленетіні белгілі болды.

– АҚШ-тың «Патриот», Израильдің «Темір күмбез» тәрізді жүйелері мінсіз деп есептелді. Бірақ өте көп зымыран атылса, не өте көп дрон ұшырылатын болса, олардың да қорғаныс қабілеті төмендейтіні көрінді. Оңтүстік Корея өнімдерінің «Патриот» кешендерінен гөрі анағұрлым тиімді болып шыққан себебі де – осы. Қалай болғанда да, Оңтүстік Корея кешендері заманауи, соңғы ерекшеліктер ескеріліп жасалған. Ал «Патриот» 1980 жылдардан бері қолданылып келе жатыр. Тек олардың зымырандары жетілдіріледі, – дейді сарапшы.

Айта кетейік, бұған дейін Ирандағы соғыс Қазақстанның астық экспортына қалай әсер етіп жатқанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью