Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Али Лариджани АҚШ пен Израильге қарсы қатаң мәлімдеме жасап, Жоғарғы көшбасшы Әли Хаменейдің қазасы жауапсыз қалмайтынын айтты. Мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында ол Иран халқы Хаменейдің өлімін ауыр қабылдағанын айтып, «АҚШ пен Израильдің өзегін өртейміз» деп мәлімдеді.
Лариджанидің сөзінше, Иранды бөлшектеуді көздейтін кез келген әрекетке жол берілмейді. Ол қарулы күштер елдің тұтастығын қорғауға толық дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар Иранда биліктің өтпелі кезеңіне байланысты көшбасшылық кеңесін құру мәселесі қаралып жатқаны хабарланды.