Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Фото: istockphoto.com
Вашингтонның мәліметінше, операция барысында Иранның нұсқауымен әрекет етеді делінген қарулы топтардың қару-жарақ қоймалары мен логистикалық нысандары нысанаға алынған.
АҚШ тарапының хабарлауынша, соңғы үш тәулік ішінде аталған қарулы құрылымдар америкалық әскери базалар мен Сауд Арабиясының энергетикалық инфрақұрылымына 30-дан астам ұшқышсыз ұшу аппаратын жіберген.
АҚШ пен Иранның уақытша бітімі мұнай бағасын 4%-ға төмендетті
Ирактағы соққылардың салдары мен ықтимал шығындар туралы әзірге ақпарат жарияланған жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөздер сәтті өтіп жатқанын айтқан болатын. Сондай-ақ Ақ үй басшысы келісімдер нәтижесін бермесе, шабуылдар қайта жалғасатынын да жасырмады.