АҚШ Президенті Дональд Трамп Қасым Жомарт Тоқаевты G20 саммитіне шақырды

23.12.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өткізгенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл жөнінде ол өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Трамптың айтуынша, әңгіме барысында екі мемлекет басшысы қазіргі халықаралық қақтығыстарды реттеудің маңыздылығын, сондай-ақ екіжақты сауда мен ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылаған.

Сонымен қатар, АҚШ Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты келесі жылы Майами қаласында өтетін G20 саммитіне қатысуға шақыру ниетін білдірді.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлескені хабарланған болатын. Әңгіме барысында Мемлекет басшысы АҚШ Президентін өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды және мұндай сапардың екіжақты қарым-қатынастар үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылы лебізін білдіріп, Мемлекет басшысына сый-сыяпат жолдағаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью