АҚШ президенті Тоқаевқа сый сыяпат жолдады

23.12.2025

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 23 желтоқсан - Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевқа сый-сыяпат жолдады. Бұл туралы президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.

© Photo : Пресс-секретарь президента Казахстана Руслан ЖелдибайАҚШ президенті Тоқаевқа сый-сыяпат жолдады

АҚШ президенті Тоқаевқа сый-сыяпат жолдады

© Photo : Пресс-секретарь президента Казахстана Руслан Желдибай

Оның айтуынша, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Мағжан Ілиясов Дональд Трампқа Сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін екеуі аз-кем әңгімелескен.

"Америка басшысы биыл қараша айында Қасым-Жомарт Тоқаевпен Ақ үйдегі кездесуден алған әсерімен бөлісті. Құрама Штаттар көшбасшысы президентке жылы лебізін жолдап, оны құрметтейтінін атап өтті", - деп жазды Желдібай.

© Photo : Пресс-секретарь президента Казахстана Руслан ЖелдибайАҚШ президенті Тоқаевқа сый-сыяпат жолдады

АҚШ президенті Тоқаевқа сый-сыяпат жолдады

© Photo : Пресс-секретарь президента Казахстана Руслан Желдибай

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевты "халықаралық үдерістерді терең білетін әрі жан-жақты түсінетін тәжірибелі мемлекет қайраткері, керемет адам" деп сипаттады.

АҚШ президенті мемлекет басшысына сый-сыяпат жолдады. Олардың арасында Ақ үйдің символикалық кілті мен өзінің қолтаңбасы қойылған бейсболка да бар, деді ол.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью