Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
— OFAC-пен (АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы — ред) жүргізілген келіссөз нәтижесінде Ресей мұнайын Қытай Халық Республикасына транзиттеуге берілген лицензияның мерзімі 2027 жылғы 19 наурызға дейін ұзартылды.
Тасымалдау көлемін ұлғайту мәселесі Қазақстан мен Ресей Федерациясының Энергетика министрліктері арасында талқыланып жатыр. Осылайша, Ресей мұнайын Қытайға транзиттеу санкциялық шектеулерден тыс берілген арнайы рұқсат негізінде жалғасып жатыр. Жағдай тұрақты бақылауда, — деп жазылған министрліктің ресми мәліметінде.
Bloomberg Энергетика министрлігінен АҚШ әкімшілігі Қазақстанға Ресей мұнайын Қытайға құбыр арқылы транзиттеуді келесі жылдың наурызына дейін жалғастыруға рұқсат беретіні туралы мәлімет алған жазды.
Interfax агенттігінің мәліметінше, бұған дейін OFAC берген лицензия осы жылдың сәуіріне дейін жарамды болған.
— Бұл рұқсат Қазақстанға Ресей мұнайының мыңдаған баррелін Қытайға транзиттей беруге мүмкіндік ашады. Аталған шешім Таяу Шығыстағы соғыс салдарынан мұнай нарығы тұрақсыз күйге түскен кезеңге тұспа-тұс келді, — деп жазады Bloomberg.
Иран билігінің Ормуз бұғазын жабуы Азиядағы мұнай тұтынушы экономикаларын да тығырыққа тіреп отыр.
Bloomberg АҚШ-тың бұл қадамы Қытаймен бірге Ресейге түсетін қысымды да жеңілдететінін айтады.
Ресеймен арадағы келісім бойынша Қазақстан Қытайға жыл сайын транзит арқылы 10 млн тонна мұнай жеткізеді. Бұл шамамен тәулігіне 200 мың баррель деген сөз.
Екіжақты келісім бойынша Ресей Қазақстан аумағы арқылы Қытайға жыл сайын 10 млн тонна мұнай жеткізіп келеді.
Ал Қазақстан мұнайы Ресей аумағы арқылы 4 бағытпен транзителеді:
— «Атырау-Самара — Адамова Застава;
— Атырау-Самара — Усть-Луга;
— КТК құбыры
— Атырау — Сарама– Шесхарис;
— Каспий құбыры.