Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Есеп 11-минутта ашылды. Австралиялық қорғаушы Кэмерон Бёрджесс өз қақпасына гол соғып, АҚШ құрамасын алға шығарды. Ал 44-минутта Алекс Фримен америкалықтардың екінші голын соқты.
Осы жеңістен кейін АҚШ құрамасы 6 ұпаймен D тобында жеке-дара көш бастады. Ал Австралия құрамасының еншісінде 3 ұпай бар және олар екінші орында тұр.
Бірінші турда АҚШ құрамасы Парагвайды 4:1 есебімен жеңсе, Австралия Түркияны 2:0 есебімен ұтқан болатын.
Топтық кезеңнің соңғы туры 26 маусым күні өтеді. Бұл күні АҚШ Түркиямен кездеседі, ал Австралия Парагваймен ойнайды.