АҚШ Қытай сауда келісімне қауіп төніп тұр

13.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Иранмен бизнес жүргізетін елдердің тауарларына салынатын 25% баж салығы АҚШ пен Қытай арасындағы сауда бітіміне қауіп төндіріп тұр. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлады. 

Қытай тарапы тарифтерді жауапсыз қалдырмаймыз деп уәде берді. Басылымның мәліметтеріне сүйенсек, Бейжіңге жаңа шектеулер елеулі әсер етеді. Өйткені Қытай Иран мұнайының ірі сатып алушысы саналады. Қосымша баж салығы енгізілсе, Қытай АҚШ-қа тауар экспорттау кезінде және Ираннан шикізат жеткізу барысында қиындықтарға тап болуы мүмкін. Былтыр қазан айында жасалған келісім нәтижесінде Қытай өнімдеріне америкалық тарифтер 10% -ға төмендеген еді. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью