АҚШ Сомалидегі лаңкестерге бірнеше соққы жасады

14.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

AFRICOM мәлімдемесінде АҚШ күштері Сомалидің федералды үкіметімен лаңкестікке қарсы кешенді науқан аясында ынтымақтасқып жатқаны айтылған. 
8 қаңтарда әуе шабуылдары «Аш-Шабаб» позицияларына, соның ішінде Сомали астанасы Могадишодан солтүстік-батысқа қарай шамамен 154 шақырым жерде орналасқан Буур-Хейбе ауданына жасалған.

9 және 11 қаңтар күндері «Ислам мемлекетінің» Пунтленд автономиялық ауданы Голис таулары аймағында және Бари провинциясындағы Босасо қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай орналасқан позицияларына әуеден соққылар жасалды. 

- Біз «Ислам мемлекеті» мен «Әл-Каида» кеңейе берсе, АҚШ-қа тікелей қауіп төндіретінін жақсы түсініп отырмыз, - деп мәлімдеді АҚШ Қарулы күштері африкалық қолбасшылығының басшысы генерал Майкл Лэнгли.

AFRICOM мәліметінше, АҚШ 2025 жылдың 1 ақпаны мен 10 маусымы аралығында Сомалидегі «Аш-Шабаб» және «Ислам мемлекетіне» қарсы әуеден 38 шабуыл жасады. 

«Аш-Шабаб» - «Әл-Каиданың» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым – ред.) филиалы және 2007 жылдан бері елдің оңтүстік және орталық бөліктерінде Сомали үкіметіне қарсы соғыс жүргізіп келеді.

«Ислам мемлекеті» - негізінен Пунтлендтің таулы солтүстік-шығысында шоғырланған шағын топ, ол сонымен қатар ықпал ету үшін «Аш-Шабабпен» бәсекелесіп отыр. 

Бұған дейін ЕО Сомалидің егемендігін құрметтеуге шақырғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью