АҚШ соққыларынан кейін Иран Ормуз бұғазын жапты

11.06.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АҚШ-тың Ормуз бұғазы маңындағы аймақтарға соққы жасағаннан кейін Иран қарулы күштерінің әрекеттерін үйлестіретін «Хатам әл-Анбия» штабы бұғазды жабатынын жариялады, деп хабарлайды АА.

Штабтың мәлімдемесінде: «Аймақтағы қауіпсіздіктің жоқтығына байланысты осы сәттен бастап Ормуз бұғазы арқылы ешбір кеме, соның ішінде мұнай танкерлері мен сауда кемелері өте алмайды. Кез келген әрекетке тосқауыл қойылады», – делінген.

Бұл ескертуден кейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) бұғазды заңсыз кесіп өтпек болған екі кемеге соққы жасағанын хабарлады.

Бұған дейін АҚШ қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) президент Дональд Трамптың бұйрығымен Иран аумағындағы көптеген нысандарға «қорғаныс сипатындағы» соққылар жасалғанын мәлімдеген. Нәтижесінде елдің оңтүстігіндегі бірнеше аймақ зардап шеккен.

Ормуз бұғазы – әлемдік мұнай тасымалының ең маңызды дәліздерінің бірі. Оның жабылуы халықаралық нарыққа айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Бүгін, 19:42

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью