Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АҚШ-тың халықаралық сауда жөніндегі соты президент Дональд Трамп енгізген жаһандық баж салығын заңсыз деп шешім шығарды, деп хабарлайды АА.
20 ақпанда АҚШ Жоғарғы соты Ақ үй басшысының енгізген импорттық баждарын өкілеттігін асыра пайдалану деп таныған болатын. Осыдан кейін Трамп барлық елден келетін импортқа 10 пайыздық тариф енгізді. Ол мұны 1974 жылғы сауда туралы заңға сүйеніп негіздеді.
Соттың жаңа шешіміне сәйкес, мемлекет басшысы тағы да өкілеттігін асыра пайдаланды, себебі ол жаңа схема бойынша тарифтік шектеулер енгізуге құқылы емес еді.
Бұл шешімге президент әкімшілігі әлі де шағым түсіруі мүмкін.
Бүгін, 13:43