АҚШ студенттер мен журналистерге берілетін виза талаптарын күшейтпек

17.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: istockphoto.com

Жаңа талаптарға сәйкес, өзгерістер шетелдік студенттерге, алмасу бағдарламаларына қатысушылар мен журналистерге қатысты болады. Енді аталған санаттағы азаматтарға берілетін визалардың жарамдылық мерзімі нақты белгіленеді.

Журналистерге АҚШ аумағында 240 күнге дейін болуға рұқсат етіледі. Ал Қытай азаматтары үшін бұл мерзім 90 күнмен шектелмек.

Еуропаға кіру тәртібі өзгерді: Қазақстан азаматтары нені білуі тиіс?

Студенттік және алмасу бағдарламалары бойынша визалар ең көбі 4 жылға беріледі. Визаның мерзімі аяқталғаннан кейін шетел азаматтары АҚШ аумағынан 1 ай ішінде шығуы тиіс. Қазіргі қолданыстағы тәртіп бойынша бұл мерзім 2 айды құрайды.

Ресейге баратын шетелдіктер үшін ереже өзгерді: Жаңа талап қандай?

Жаңа өзгерістер 60 күннен кейін күшіне енеді. Алайда оған дейін құжат АҚШ Конгресінің қарауынан өтеді. Ақ үй бұл өзгерістер шетел азаматтарына бақылауды күшейту үшін жасалып отырғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ресей шетелдік мигранттарға елге кіру талаптарын күшейтетінін мәлімдеген болатын. Қолданысқа енгелі отырған жаңа ережеге сәйкес Ресейге баратын мигранттар елге кіру үшін арнайы телефон сатып алуға міндеттелуі мүмкін.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью