Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АҚШ-та тасқын салдарынан 370 мыңнан астам үй жарықсыз қалды. Елдің солтүстік-батысында толассыз жауған жаңбыр су деңгейін күрт көтерген.
Әсіресе Вашингтон мен Колорадо штаттары ең көп зардап шекті. 300-ге жуық Ұлттық гвардия сарбазы жұмылып, 100 мыңнан астам адамды қауіпсіз жерге көшірді. Сарапшылар: «Бұл 2021 жылдан бергі ең ірі апат», - дейді. Ол кезде елдің оңтүстік-шығысында дауыл тұрып, мемлекетке 75 млрд доллар шығын келтірген.