Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АҚШ Ұлттық метеорологиялық қызметінің мәліметіне сүйенсек, Миннесота, Висконсин және Канзас штаттарында торнадо мен бейсбол добындай ірі бұршақ тіркелген. Мамандардың айтуынша, ауа райының күрт нашарлауы елдің орталық және солтүстік өңірлерін қамтуы мүмкін.
Қауіптіліктің жоғары деңгейі Айова, Висконсиннің оңтүстігі, Иллинойстың солтүстігі, Индиана мен Огайоның солтүстік аудандары, сондай-ақ Мичиганның оңтүстігі үшін жарияланды. Әсіресе Чикаго, Милуоки, Де-Мойн және Детройт қалалары маңында күшті торнадо, жойқын жел екпіні мен ірі бұршақ жауу қаупі сақталып отыр.
Сондай-ақ дауылды ауа райы Оклахомадан Висконсиннің оңтүстігіне дейінгі аумақта күтіледі. Бұған қоса Пенсильвания мен Огайоның бірқатар бөліктері, соның ішінде Питтсбург пен Кливленд қалалары да қауіп аймағына енгізілген.
Метеорологтар тұрғындарға ауа райы болжамдарын жіті бақылап, ресми ескертулерге назар аударуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға кеңес берді.
Бұған дейін АҚШ аумағын соңғы жүз жылдағы ең қуатты қысқы дауылдардың бірі басып өтіп, мыңдаған әуе рейсі тоқтатылғаны хабарланған.