АҚШ та алғаш рет қартаюға қарсы терапия адамға қолданылды

11.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: istockphoto.com

ER-100 деп аталатын терапия түрі көздің көру жүйкесіне әсер ететін ауыр ауруларды емдеуге арналған. Атап айтқанда, емдік шара ашық бұрышты глаукома және көру жүйкесінің нейропатиясы сияқты дерттерден зардап шегетін науқастарға қолданылмақ. Бұл аурулар уақыт өте келе көру қабілетінің нашарлауына немесе толық жоғалуына әкелуі мүмкін.

Ғалымдардың түсіндіруінше, адам қартайған сайын ДНҚ өзгермейді, бірақ гендердің қалай жұмыс істейтінін басқаратын жүйелер бұзылады. Соның салдарынан жасушалар өз қызметін бұрынғыдай тиімді атқара алмайды.

Жаңа технологияның мақсаты – жасушалардың жұмысын қайта жандандыру. Ол үшін Oct4, Sox2 және Klf4 деп аталатын арнайы ақуыздар пайдаланылады. Зерттеушілер бұл әдіс жасушалардың қартаю белгілерін азайтып, зақымданған тіндердің қалпына келуіне көмектесуі мүмкін деп есептейді.

COVID-19: Қартаюды жақындатуы мүмкін

Терапия бұған дейін зертханалық жануарлар мен приматтарда сынақтан өткен. Енді адам қатысатын алғашқы клиникалық зерттеу басталып, алғашқы пациент ем қабылдады. Қазіргі кезеңде ғалымдар ең алдымен әдістің қауіпсіздігін тексермек.

Компания өкілдерінің айтуынша, егер сынақтар сәтті өтсе, болашақта бұл технологияны тек көз ауруларын ғана емес, бауыр мен басқа да ағзалардың жасқа байланысты ауруларын емдеуге қолдануға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік Сколтех ғалымдары адамның биологиялық жасын анық­тай­тын әлемдегі алғашқы ашық платформаны жасады. Ғалымдар жүйені «Қартаю сағаты» деп атады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью