АҚШ та ауыл шаруашылығы дағдарысы қаупі күшейді

04.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Фермерлердің шығындары тыңайтқыштар мен дизель отыны бағасының өсуіне байланысты артып отыр. Бұл онсыз да қиын жағдайда тұрған салаға қосымша қысым түсіруде.

Мюллердің айтуынша, Ирандағы соғысқа дейін-ақ фермерлер тыңайтқыштар мен жем бағасының қымбаттауы және жүгері мен сояны шетелдік өндірушілердің күшейген бәсекесі салдарынан қиындық көрген.

Фото: nbcnews.com

Американдық фермерлік бюролар федерациясы деректеріне сәйкес, 2025 жылы фермерлік банкроттық саны 315-ке жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 46%-ға артқан.

Енді Ирандағы соғыс фермерлерге қысымды одан әрі күшейтуде. Қақтығысқа дейін әлемдік тыңайтқыш қорының шамамен үштен бірі және мұнайдың бестен бірі күн сайын Ормуз бұғазы арқылы өтетін. Алайда 28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға соққы жасағаннан кейін, Тегеран бұғазды іс жүзінде жауып, салдарынан ондаған танкер қиын жағдайға тап болды.

Соның салдарынан тыңайтқыштар мен дизель бағасы күрт өсті. Мысалы, ақпан айында азот тыңайтқышының бір тоннасы 795 доллар болса, наурыздың соңында баға 990 долларға дейін көтерілді, яғни бірнеше апта ішінде ол шамамен 200 долларға, немесе 24,5%-ға өскен.

Американдық автомобиль қауымдастығы мәліметінше, дизель отынының орташа бағасы бір галлон үшін 5,51 долларға жеткен (соғысқа дейін — 3,76 доллар шамасында болған).

Сонымен қатар, АҚШ президенті Дональд Трамп енгізген тарифтер импорттық тауарлардың қымбаттауына әсер етіп, фермерлерге қосымша салмақ түсірді.

Сарапшылардың пікірінше, қақтығыс ұзаққа созылған сайын оның салдары ауырлай береді.

Экономист Фейт Парум фермерлік экономика қатарынан төртінші жыл шығынға батып отырғанын атап өтті.

— Фермерлік экономиканың бүкіл саласы үшін қатарынан төртінші жыл шығынға батып отыр. Оларға өнім өсіру барған сайын қиындап барады, — деді АҚШ фермерлік бюролар федерациясының экономисі (ред. — фермерлер мен ранчо иелерінің мүддесін қорғайтын ұйым) Фейт Парум.

Ал АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі Таяу Шығыстағы қақтығысқа дейін 2026 жылы сала қарызы 624,7 млрд долларға дейін жетуі мүмкін екенін болжаған.

Осыдан бұрын АҚШ президенті Дональд Трамптың рейтингі 33%-ға дейін төмендегені белгілі болды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью