Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
АҚШ-тың 12 штатында бораннан төтенше жағдай жарияланды. Әсіресе елдің оңтүстік-шығысында ахуал күрделі.
Бұл өңірлерде жаңбыр аралас қар жауып, арты көктайғаққа айналған. Соның салдарынан жол-көлік және әуе қатынасы шектелді. Әуе компаниялары 13 мыңнан астам рейсті тоқтатты. Техас пен Луизиана штаттарында 130 мыңнан астам тұрғын жарықсыз отыр. Синоптиктер, қаңтар айының соңына дейін аяз болады деп болжады. Мамандар мұндай жағдай соңғы рет 1993 жылы тіркелгенін айтады. Ол кезде қарлы боран салдарынан 270 адам қаза тапқан.