АҚШ та ер адамның мәйіті табылды: ол жоғалған қазақстандық болуы мүмкін

15.06.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. АҚШ-та ер адамның мәйіті табылды, ол бұған дейін жоғалған Қазақстан азаматы болуы мүмкін. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз осы брифингтің алдында АҚШ-тың құзіретті органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алды. Қазіргі кезде америкалық тарап қажетті рәсімдерді жүргізуде. Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзіретті органдарымен және азаматтың туыстарымен тұрақты байланыс болып, қажетті консулдық көмек көрсетіп жатыр",-деді Жетібаев бүгінгі брифингте.

24 жастағы Әсет Құралбай соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан. Ал 7 маусымнан бастап телефоны сөндіп тұр. Құжаттары мен банк карталары үйде қалған. Бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде Чикагода ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түсті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью