Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қайғылы оқиға Лонгвью қаласындағы қағаз және целлюлоза өндіретін зауытта болған. Кәсіпорында қағаз массасын өндіруде қолданылатын химиялық ерітінді сақталған резервуар жарылған. Апат кезінде құрамында натрий гидроксиді мен натрий сульфиді бар сұйықтық сыртқа төгілген.
Алғашында екі адамның қаза тапқаны расталған еді. Кейін құтқарушылар бірнеше күнге созылған іздестіру жұмыстары барысында тағы тоғыз жұмысшының денесін тапты. Іздеу кезінде ғимарат үйінділері тексеріліп, аумақты бақылау үшін дрондар пайдаланылған.
Билік өкілдерінің мәліметінше, резервуарда шамамен 3,4 миллион литр химиялық ерітінді болған. Апаттан кейін оның бір бөлігі Колумбия өзеніне ағып кеткен. Алайда мамандар әзірге ауыз су мен ауа сапасына айтарлықтай қауіп анықталмағанын мәлімдеді.
Апаттың нақты себептері анықталып жатыр, оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.