Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
– Сенаттағы дауыс беру қорытындысы бойынша Оклахома штатынан сайланған республикашыл сенатор Маркуэйн Маллиннің кандидатурасын 54 сенатор қолдап, 45 сенатор қарсы дауыс берген. Демократиялық партия өкілдері Джон Феттерман мен Мартин Генрих те оны қолдады, – деп жазды NBC News.
Маркуэйн Маллин бұл қызметке күрделі кезеңде келіп отыр. Ол ішкі қауіпсіздік министрі қызметінде Кристи Ноэмнің орнына тағайындалды. Дональд Трамп оны Миннеаполисте иммиграциялық заңнаманы орындау бойынша операция кезінде екі америкалықтың қаза табуына байланысты қызметінен босатқан.
48 жастағы Маллин – бұрын аралас жекпе-жек спортында өнер көрсеткен. Ол Дональд Трамппен рестлинг жарыстары кезінде танысқан. Кейін отбасылық сантехникалық жабдықтар өндірісімен айналысып, кәсіпкер ретінде танылған.
2012 жылы АҚШ Өкілдер палатасына сайланып, 2023 жылғы 3 қаңтарда өткен кезектен тыс сайлауда Оклахома штатынан сенатор болып сайланған.
Бұған дейін АҚШ сенаторлары Миннесота штатындағы атыс оқиғасынан кейін Ішкі қауіпсіздік министрінің отставкаға кетуін талап еткені хабарланған.