АҚШ та кеденшілер екі адамға оқ атты

09.01.2026

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АҚШ-та Кеден және шекара қызметінің өкілдерімен байланысты тағы бір оқыс оқиға тіркелді. Мекеме агенттері тексеру кезінде екі адамға оқ атып, жаралады. Оқиға Орегон штатының Портленд қаласында болды. 

Қазір зардап шеккендер ауруханада. Билік халықты сабырға шақырды. Өйткені кеше Миннеаполисте көші-қон полициясының тексеру шаралары кезінде бір әйел оққа ұшып, жұрттың наразылығын туғызған еді. Кейін Федеральдық тергеу бюросы агенттер өзін қорғау мақсатында қару қолдануға мәжбүр болды деп мәлімдеді. Олардың айтуына қарағанда, көлік жүргізушісі мен оның жанындағы жолаушы – венесуэлалық қылмыстық топтың мүшелері болған. «Олар Кеден және шекара қызметінің агенттерін қағып кетуге әрекет қылған», - дейді ведомство өкілдері. Қазір тергеу жүріп жатыр.  

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью