Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АҚШ-та шатдаунның кесірінен 1000-нан аса әуе рейсі тоқтатылды.
Диспетчерлердің жетіспеушілігіне байланысты елдің 40 әуежайында сапарлар қысқартылған. Flight Aware сайтының дерегіне сүйенсек, жұма күні 4,5 мыңға жуық рейс кешігіп, бір мыңнан астамы тоқтатылды. Ал келесі жұмаға дейін олардың санын тағы 10%-ға дейін қысқарту жоспарланған. Биыл АҚШ өз тарихындағы ең ұзақ шатдаунды бастан кешіріп жатыр. Салдарынан 1 қазаннан бері 13 мыңдай диспетчер мен 50 мыңға жуық қауіпсіздік қызметкері жалақысыз жұмыс істеуге мәжбүр.