АҚШ та пайыздық мөлшерлеме төмендеді

30.10.2025

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі алты апта ішінде екінші рет федералдық қорлар бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетті. Есептік мөлшерлеме 25 базистік тармаққа төмендеп, 3,75–4 пайыз аралығында қалды. 

Федералдық резерв жүйесі бұл шешімін соңғы айларда АҚШ еңбек нарығындағы тәуекелдердің өсуімен байланыстырды. Елде жұмыссыздық деңгейі артып, инфляция жеделдеген. Бұған бір жағынан Үкімет жұмысының уақытша тоқтатылуы да себеп болып отыр. Конгресстің бюджет бойынша басқармасы шатдаун кесірінен АҚШ 14 млрд долларға дейін қаражаттан айырылуы мүмкін екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью