АҚШ та Қазақстан азаматы ұсталды СІМ себебін атады

15.09.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

АҚШ-тың иммиграциялық қызметі (ICE) Флорида штатында Қазақстан азаматын ұстады. ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде қазақстандық әйел ұсталғаны туралы жазба жарияланған. Хабарлама авторының айтуынша, 12 қыркүйекте ICE қызметкерлері оның құрбысын - үш баланың анасын ұстаған.

"Анасын үйіне қайтару үшін отбасына legal fees (заң көмегіне жұмсалатын шығындар) және bond (иммиграциялық кепіл) төлеу керек", - делінген хабарламада.

Қазақстан СІМ бұл ақпаратты растады.

"Қазақстан азаматын заңды миграциялық мәртебесінің болмауына байланысты Флорида штаты аумағында АҚШ иммиграциялық қызметі ұстады", - деп хабарлады СІМ.

Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың мемлекеттік органдарымен де, ұсталған азаматтың отбасымен де байланыста екені, қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатқаны хабарланды.

Еске сала кетейік, бұған дейін ICE АҚШ-та ер адам ұсталғаны туралы хабарлаған болатын, ведомство оны Қазақстан тумасы және "терроризмге қатысы бар деп танылған немесе күдіктелген тұлға" деп атады. Бұл ретте Америка ведомствосы егжей-тегжейлі мәліметті жарияламады, ал Қазақстан СІМ ақпарат тексеріліп жатқанын хабарлады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью