Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 15 маусым - Sputnik. Америка Құрама Штатының Чикаго қаласында тұратын қазақстандық жігіт із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
24 жастағы Әсет Құралбай Чикаго ауданында тұрған. Соңғы рет 2 маусымда байланысқа шыққан, 7 маусымнан бастап телефоны өшірулі. Жігіттің құжаттары мен банк карталары үйінде қалған. 10 маусымда полиция оның Toyota Camry көлігін тапты, бірақ Әсеттің орналасқан жері әлі белгісіз.
Бұл туралы әлеуметтік желіде айтылған. Жігіттің табылмай жатқанын сыртқы істер министрлігі растады.
"Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың Чикагода жоғалып кеткені туралы сыртқы істер министрлігі хабардар. Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың құзыретті органдарымен байланыста және болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр", - дейді минисрлік.
Қазақстанның Нью-Йорктегі Бас консулдығы да азаматтың туыстарымен тығыз байланыста, дейді сыртқы істер министрлігі.