Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет бейсенбі күні жаңа тарихта алғаш рет әскерилер қылмыс жасалған базада ату жазасы арқылы көпшілік алдында өлім жазасын жүзеге асыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Politico басылымына сілтеме жасап.
2009 жылы Форт-Худта 13 адамды өлтіргені үшін сотталған армия майоры Нидал Малик Хасан 3 желтоқсанда өлім жазасына кесілуі тиіс. Ақ үй оның қылмысын терроризм актісі деп атады. Пентагон рәсімнің тікелей эфирде көрсетілетінін мәлімдеді.
АҚШ-та бір ғасырға жуық уақыт бойы көпшілік алдында өлім жазасы орындалған жоқ, сондықтан үкімет тарапынан оның онлайн-трансляциялануы бұрын-соңды болмаған қадам болмақ.
"Оны тиісті тәртіппен атып өлтіреді. Осындай әрекеттер үшін ауыр салдар қарастырылғанын халық түсінуі үшін біз бұл процестің жұртшылыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеміз", - деді Хегсет Real America's Voice арнасына берген сұхбатында.
Хасанның президент Дональд Трамптан кешірім сұраған-сұрамағаны туралы сауалға Хегсет: "Біз онымен 3 желтоқсанда жүздесеміз", - деп жауап берді.
Атыс болған кезде армияның медициналық корпусында психиатр болған Нидал Хасан 2013 жылдың тамызында әскери сотқа тартылып, кінәлі деп танылды және өлім жазасына кесілді.
Әскерилер тарапынан соңғы рет өлім жазасы 1961 жылы орындалған болатын: армия қатарындағы жауынгер Джон Беннетт зорлау және кісі өлтіруге оқталу қылмысы үшін дарға асылды. Ол кезде өлім жазасы куәгерлердің шектеулі тобының қатысуымен өтіп, трансляцияланбаған еді.
Бұл мәлімдемелер Теннесси штатындағы сәтсіз аяқталған жаза аясында айтылды: 1996 жылы сыныптасын азаптап өлтіргені үшін сотталған тұтқын Криста Пайк 30 қыркүйекте өлімге әкелетін инъекцияның екі талпынысынан кейін аман қалып, қолдарының тіндері күйіп қалған.
Нидал Малик Хасан деген кім?Нидал Малик Хасан - АҚШ армиясының бұрынғы майоры және әскери психиатр. 2009 жылғы 5 қарашада ол Форт-Худ базасындағы әскери қызметшілерді даярлау орталығында оқ жаудырды.
Шабуыл салдарынан 13 адам қаза тауып, тағы 32 адам жараланды. Хасанның өзі ұстау кезінде жараланып, содан бері мүгедектер арбасында қозғалып жүр.
Шабуыл жасалған кезде Хасан Ауғанстанға аттануға дайындалып жүрген. Сот процесі кезінде ол америкалық әскерилердің мұсылман елдеріндегі соғыстарға қатысуына қарсы болғанын мәлімдеді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу