АҚШ та ұшақ апаты болды: Бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілді

17.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Фото: istockphoto.com

Associated Press мәліметнше, NetJets компаниясы пайдаланған Cessna Citation Latitude ұшағының бортында алты адам болған. Олардың біреуі қаза тауып, қалған бесеуі ауруханаға жеткізілді.

Әуе апаты Ларедо халықаралық әуежайының маңында болған. Полицияның мәліметінше, апатқа аз уақыт қалғанда диспетчерлер ұшақта техникалық ақау пайда болғаны туралы хабар алған. Осыдан кейін әуе кемесімен байланыс үзілген. Көп ұзамай ұшақ Loop 20 тас жолына құлаған.

Оқиға орнынан түсірілген кадрларда куәгерлер мен құтқарушылардың жанып жатқан ұшақтан адамдарды шығаруға көмектесіп жатқаны көрінеді. Өтіп бара жатқан адамдар кабина терезесін балғамен және күрекпен сындыруға әрекет жасаған. Куәгерлердің айтуынша, бірнеше адам, оның ішінде жасөспірімдер мен экипаж мүшесі ұшақтан шығып үлгерген.

Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Қаза тапқандардың туыстарына өтемақы төленді

Құлау кезінде ұшақтың бір бөлігі тас жолмен келе жатқан автокөлікке тиген. Көліктегі адамдар аман қалып, олар да ауруханаға жеткізілген. Құтқару жұмыстарына қатысқан бес полиция қызметкері түтіннен уланып, ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Апаттан кейін Loop 20 тас жолындағы қозғалыс екі бағытта да уақытша тоқтатылды. Мамандар ұшақ сынықтарын жинап, төгілген авиациялық отынның салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқиғаның нақты себебін АҚШ-тың National Transportation Safety Board анықтап жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью