АҚШ та ұшақ құлап, алты адам опат болды

27.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АҚШ-тың Мэн штатындағы Бангор халықаралық әуежайында шағын ұшақ апатқа ұшырап, алты адам опат болды. Бұл туралы жергілікті органдар хабарлады. 

Францияға бет алған Bombardier Challenger 600 ұшағы көкке көтерілген сәтте боран басталып, құлап кеткен. Одан әрі өртке оранған. Алдын ала болжам бойынша апатқа ұшақ қанатына мұздың жиналуы себеп болуы мүмкін. Оқиғаны АҚШ Ұлттық көлік қауіпсіздігі басқармасы тергеп жатыр. Әуежай тергеу жұмыстары аяқталғанша уақытша жабылды. Опат болғандардың кім екендігі әлі жарияланған жоқ. Естеріңізге сала кетейік, кейінгі төрт күнде АҚШ-та боран үдеп, 20 мыңға жуық рейс тоқтатылған болатын.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью