Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Фото: ICE
Бұған дейін АҚШ-тың Көші-қон және кедендік бақылау қызметі (ICE) Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейді ұстағанын хабарлаған еді. Мекеменің мәліметінше, ол АҚШ аумағында заңсыз жүрген. Осыған байланысты көші-қон соты 2025 жылдың жазында оны елден шығару туралы шешім қабылдаған. Алайда Балтагерей сот отырысына келмеген.
Ермек Көшербаев Қазақстан тарапы заң аясында қажетті көмек көрсететінін айтты.
«Біз заңнамада көзделген шеңберде көмек көрсетеміз. Әрине, тағы да қайталап айтамын, тергеу әрекеттеріне араласуға құқығымыз жоқ. Мұндай айыптаулар бар екенін білеміз. Қазір ол кепілмен босатылды. Бұл белгілі бір деңгейде үміт ұялатуы мүмкін», деді министр.
Қазақстан терроризм индексінде ең қауіпсіз елдер қатарына кірді
Сондай-ақ министр Қазақстан азаматының адвокат жалдауға құқығы бар екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, АҚШ тарапы отандасымызды терроризмге қатысы бар деп танылған немесе осындай күдікке ілінген тұлға ретінде ұстаған болатын.