АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Эри қаласында 9 қазанда болған жаппай атыс салдарынан тоғыз адам көз жұмды. Олардың екеуі – кішкентай бала, біреуі – жүкті әйел.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, 45 жастағы ер адам тұрғын үйде сегіз адамды атып өлтіріп, кейін өзіне қол жұмсаған.

Қаза тапқандардың арасында бес жасар ұл бала мен екі жасқа толмаған қыз бар. Полиция мәліметінше, құрбандардың жетеуі күдіктінің туыстары, ал біреуі отбасының танысы болған.

Оқиға орнына жеткен полиция күдіктінің денесін үйдің екінші қабатынан тапқан. Қазіргі уақытта қылмыстың себебі анықталып жатыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью