Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АҚШ-тың Сан-Диего қаласында орналасқан ірі ислам орталығында қарулы шабуыл жасалған. Салдарынан 5 адам көз жұмды. Қаза тапқандардың арасында шабуыл жасады деген күдікке ілінген 2 жасөспірім де бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Видеодан алынған кадр
Оқиға Калифорния штатында болған. Ислам орталығы аумағында мешітпен қатар діни мектеп те орналасқан.
Полиция дерегіне сәйкес, қаза тапқандардың бірі – күзет қызметкері. Құқық қорғау органдарының жорамалдауынша, күзетшінің әрекеті одан да ауқымды қырғынның алдын алған болуы мүмкін.
Тергеу мәліметінше, шабуылға 17 және 19 жастағы екі жасөспірім күдікті саналады. Кейін олардың денелері ислам орталығынан бірнеше квартал жердегі көліктен табылған. Алдын ала болжам бойынша, олар шабуылдан кейін өздеріне қол жұмсаған.
Америкалық құқық қорғау органдары бұл оқиғаны діни және нәсілдік өшпенділік негізінде жасалған қылмыс ретінде қарастырып жатыр.
БАҚ мәліметінше, күдіктілердің бірі нәсілшілдік сипаттағы сөздер жазылған қоштасу хатын қалдырған. Сондай-ақ қару-жарақтан экстремистік мазмұндағы жазулар табылған.
Бұған дейін АҚШ-та әуе шоуы кезінде екі әскери ұшақ соқтығысқаны туралы хабарлағанбыз.
Соңғы жаңалықтар
Президент • Бүгін, 15:49
Президент: Ясауи хикметтері – Ұлы даланың мәдени коды
Президент • Бүгін, 15:43
Мемлекет басшысы құбылмалы геосаяси заманда тарихи диалог орнатудың маңызын айтты
Президент • Бүгін, 15:34
Президент: «Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн
Президент • Бүгін, 15:30
Орталық Азияда көш бастады: Қазақстан жаһандық бедел индексінде жетекші орынға ие болды
Қазақстан • Бүгін, 15:24
Мемлекет басшысы: Алтын Орда дәуірі отандық тарихымыздың маңызды бөлігі
Президент • Бүгін, 15:20
Құрбан айт: ҚМДБ айт намазының кестесін жариялады
Мереке • Бүгін, 15:10
Президент: Еліміз ЮНЕСКО-ның қолдауымен көптеген маңызды жобаны жүзеге асырды
Президент • Бүгін, 15:01
Министр Таяу Шығыстағы эвакуацияға кеткен шығын көлемін атады
Оқиға • Бүгін, 14:55
Мемлекет басшысы: Алтын Орда тарихы көптеген іргелі зерттеулерге арқау болды
Президент • Бүгін, 14:50
1600 балдың 1530-ын жинаған: Алматылық ерекше бала Berkeley университетіне оқуға түсті
Білім • Бүгін, 14:47
Астанада халықаралық симпозиум өтіп жатыр: 20-дан астам елден делегация келді
Президент • Бүгін, 14:40
Лувр музейіндегі атышулы ұрлық туралы фильм түсіріледі
Әлем • Бүгін, 14:22
АҚШ-тағы мешітте атыс болып, бес адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 13:59
Шымкентте жасанды интеллект мектебі ашылды: Кімдер тегін оқи алады?
Жасанды интеллект • Бүгін, 13:35