АҚШ тағы мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

24.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Порт-Артур полиция департаментінің мәліметінше, Valero Energy компаниясына тиесілі зауыттағы жарылыстан кейін өрт шыққан.

Қала мэрі Шарлотта М. Мозес жарылыс салдарынан ешкім зардап шекпегенін айтты. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жіберіліп, жалынды оқшаулау жұмыстары жүргізілді.

Билік қаладағы батыс аудандардың тұрғындарына қауіпсіздік мақсатында үйлерінде қалуды ұсынды.

Жарылыстың нақты себебі әзірге анықталған жоқ.

Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбаларда зауыт үстінен қою түтін көтерілгені байқалады.

Valero Energy сайтындағы мәліметке сәйкес, кәсіпорында шамамен 770 адам жұмыс істейді, тәуліктік өңдеу қуаты 435 мың баррель мұнайды құрайды.

Еске салайық, бұған дейін Иран Ормуз бұғазын толық жабатынын мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін бұғаз 48 сағат ішінде ашылмаса, Иранның электр станцияларын «жойып жіберетінін» ескерткен еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью