Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АҚШ-тың Миссури штатында ұшақ апаты болып, борттағы 12 адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Fox News-ке сілтеме жасап.
АҚШ-тың Миссури штатында ұшақ апаты болып, борттағы 12 адамның барлығы қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Fox News-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға жергілікті уақыт бойынша жексенбі күні таңертең болған. Жекеменшік ұшақ Батлер Мемориал әуежайынан ұшып шығып, белгісіз себептермен әуеде бағытын өзгерткен және әуе айлағынан қашық емес жерде, Канзас-Сити қаласынан оңтүстікке қарай шамамен 65 миль қашықтықта құлаған.
Апаттан кейін ұшақты өрт шыққан. Бірақ оқиға орнына жеткен шұғыл қызмет мамандары тілсіз жауды ұшақ құлағаннан кейін көп ұзамай ауыздықтаған.
Қаза тапқан 12 адамның 11-і парашютшілер болған. Тағы бір марқұм - ұшақ ұшқышы. Жергілікті биліктің хабарлауынша, мерт болғандардың көбі алғаш рет парашютпен секіруге ниеттенген. Олар тандеммен секіруге дайындалып жүрген. Қаза тапқандардың кей туыстары әуежайда болып, апатқа куә болған.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу