АҚШ тан көшкендер саны келушілерден асып түсті: Трамп эмиграция мәселесін қалай шешті?

22.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Соңғы зерттеулер көрсеткендей, 2025 жылы АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түскен. Мұндай жағдай соңғы рет осыдан 50 жыл бұрын болған екен. Сарапшылар бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың эмиграцияға байланысты ұстанған қатаң саясаты себеп болғанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Вашингтон пост» газеті жазғандай, АҚШ-қа эмиграциямен баратындар санының төмендеуіне Мексикамен арадағы шекараның жабылуы, виза берудің шектелуі, көшіп келушілерге көрсетілетін көмектердің тоқтатылуы әсер еткен. Осының бәрі Ақ үй басшысы Дональд Трамп жүргізген саясатының нәтижесі.

Ресми статистика бойынша өткен жылы Құрама штаттарға 10 мың мен 295 мың арасында адам көшіп барған. Сонымен бірге АҚШ-тың Көші-қон және кеден департаментінің заңсыз жүрген азаматтарды ұстап, елден шығару жұмыстары да эмигранттар санын күрт азайтқан. Сарапшылар келешекте көшіп баратындар санының төмендеуі АҚШ-тың экономикасы мен демографиясына кері әсерін тигізетінін мәлімдеді.

АҚШ иммиграциялық визалар беруді уақытша тоқтатты: Қазақстан тізімге енді

Сондай-ақ Құрама штаттарға кіретін адамдарды шектеу жұмыс күшінің жетіспеушілігіне, өңірлік өнім көлемінің азаюына, тұтынушылық қабілеттің төмендеуіне әкеп соқтыратынын айтты. Осы орайда экономистер 2026 жылы АҚШ-қа эмиграция жасайтындар былтырғы кезбен салыстырғанда әлдеқайда төмен болатынын болжап отыр. Сарапшылар дерегінше алдыңғы президент Джо Байден тұсында АҚШ-қа жылына 2-3 млн адам көш түзейтін болған. Бұл Американың Ковид-19 пандемиясынан кейін тез аяққа тұрып кетуіне жәрдемдескен. Осы ретте Д.Трамптың қазіргі көші-қон саясаты эмиграция мәселесінде жаңа бетбұрысты кезең ретінде қабылданады.     

АҚШ виза беру тәртібін қатаңдатты: Созылмалы аурулары бар өтініш берушілерге талап күшейді

Соңғы жаңалықтар

Сыртқы істер министрлігінің жаңа ресми өкілі тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:31

Әлем мойындаған кинолар неге көрерменсіз қалады?

Кино • Бүгін, 12:25

Аралда адасқан жолаушы аман-есен табылды

Аймақтар • Бүгін, 12:17

Қостанайда жыл басынан бері 20 адамды үсік шалған

Оқиға • Бүгін, 12:03

Қысқы Олимпиада ойындарында ел намысын 36 спортшы қорғайды

Спорт • Бүгін, 11:54

Ұлыбританияда отандық жоғары білім бастамалары таныстырылды

Ғылым • Бүгін, 11:48

АҚШ-тан көшкендер саны келушілерден асып түсті: Трамп эмиграция мәселесін қалай шешті?

Қоғам • Бүгін, 11:36

Енді автокөлік жуу орындары жаңа талап бойынша жұмыс істейді

Қоғам • Бүгін, 11:27

Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынайды

Әскер • Бүгін, 11:17

Жаңа 4 фармацевтикалық зауыт салынады: Елімізде қандай дәрі-дәрмектер өндіріледі?

Президент • Бүгін, 11:02

Қазақстан өнерпаздары Нью-Делиде өнер көрсетті

Әлем • Бүгін, 10:54

Еңбек министрлігі Оңтүстік Кореяда жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады

Қоғам • Бүгін, 10:43

«Shymkent Open»: Каратэ турнирінде 900-ге жуық спортшы бақ сынап жатыр

Спорт • Бүгін, 10:37

«Қайрат» – «Брюгге» матчына Борат стилінде киініп келген шетелдіктер жауапқа тартылды

Оқиға • Бүгін, 10:25

ChatGPT кәмелетке толмағандарды автоматты түрде анықтай бастайды

Digital • Бүгін, 10:13

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью