АҚШ тарихында алғаш рет: Долларға Трамптың қолтаңбасы қойылады

27.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АҚШ президенті Дональд Трамп ел тарихында алғаш рет өзінің қолтаңбасын америкалық банкноттарға енгізбек. NBC News телеарнасының мәліметінше, бұл бастама АҚШ Қаржы министрлігінің ақпаратында айтылған, деп жазады Egemen.kz.

Фото: musavat.biz

Ведомствоның хабарлауынша, мемлекет басшысының қолы елдің 250 жылдығына орай шығарылатын банкноттарға қойылады.

АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент Дональд Трамптың «Американың алтын дәуіріндегі экономикалық өрлеудің сәулетшісі ретіндегі үлесі даусыз» екенін атап өтті. 

«Оның қолтаңбасын ұлттық валютаға орналастыру – орынды әрі толықтай лайық шешім», деді ол.

Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды

Дәстүр бойынша, АҚШ қағаз ақшаларында Қаржы министрі мен қазынашының ғана қолтаңбасы болады.

Бұл мәлімдеме елдегі экономикалық ахуалға қатысты сайлаушылардың көңілі толмай отырғанын көрсететін сауалнамалар нәтижесімен тұспа-тұс келді. Атап айтқанда, инфляцияның өсуі мен өмір сүру құнының қымбаттауы халықтың алаңдаушылығын арттырған. Сонымен қатар Ирандағы шабуыл басталғалы бері мұнай бағасының көтерілуі де америкалықтардың бір бөлігін алаңдатып отыр.

Дональд Трамп: Иранға қарсы соғыста АҚШ-қа НАТО елдерінің көмегі қажет емес

Айта кетейік, президенттің бейнесі биыл АҚШ валютасында тек қолтаңба арқылы ғана көрініс таппайды. Трамп тағайындаған мүшелерден құралған федералдық комиссия елдің 250 жылдығына орай 24 караттық алтыннан жасалған естелік монеталардың дизайнын мақұлдады. Онда да президенттің бейнесі бейнеленген. Алайда бұл дизайн әлі Қаржы министрлігінің ресми бекітуінен өтуі тиіс.

Еске сала кетейік, 2020 жылы Дональд Трамп COVID-19 пандемиясы кезінде америкалықтарға берілген қаржылық көмек чектеріне өз қолтаңбасын қойған болатын.

Соңғы жаңалықтар

АҚШ тарихында алғаш рет: Долларға Трамптың қолтаңбасы қойылады

Әлем • Бүгін, 10:26

Ламин Ямаль «Алтын доп» иегері атануы мүмкін бе? Жаңартылған рейтинг жарияланды

Футбол • Бүгін, 10:23

Театр көрермені көбейді: Былтыр 2 миллионнан астам адам қойылым тамашалаған

Театр • Бүгін, 10:12

Тестілеу кезінде ережелерді бұзған 82 талапкердің нәтижелері жойылды

Білім • Бүгін, 10:09

Threads желісінде Қазақстан армиясы туралы жалған мәлімет жариялаған жігіт ұсталды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:53

Алматыдағы жантүршігерлік жол апаты: Полиция басшылары қызметінен босатылды

Қоғам • Бүгін, 09:50

Елена Рыбакина Miami турнирінің жартылай финалында Соболенкоға есе жіберді

Теннис • Бүгін, 09:38

Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:29

Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 09:21

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:15

Сахна – рухтың шамшырағы

Театр • Бүгін, 09:05

Өңірде энергия тапшылығы болмайды

Саясат • Бүгін, 09:00

Құқықтық мемлекеттің берік іргетасы

Саясат • Бүгін, 08:58

Цифрлық кеден: Мүмкіндік пе, кедергі ме?

Экономика • Бүгін, 08:55

Қазақы тағамның қасиеті

Экономика • Бүгін, 08:53

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью