АҚШ тұрғыны қазақконцерт сахнасында адай күйін орындады

22.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

«Қазақконцертте»  Республика күніне арналған «Біздің жәрмеңке» мерекелік концерті өтті. Дәстүрлі өнер кеші ән, күй, жыр-терме мен ұлттық биді бір сахнада тоғыстырып,  қазақ өнерінің сан қырлы бай мұрасын дәріптеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Концертте Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Толғамбай Сембаев, Елмұра Жаңаберген, Еділ Басығараев, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Ерболат Шалдыбеков, Мәдениет саласының үздіктері Бауыржан Мұхамедбаев,   Перизат Тұрарова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Асқар Мұқият, республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Мақсат Медеубек, Бауыржан Бекмұханбет, Ақерке Тәжібаева, Жанту Дадабев, Жаслан Кәрім, Ділназ Жаңбырбай,Дария Бекпенбетова, «Гүлдер» ансамблінің бишілері Іңкәр Айдархан, Аққанат Смағұлова және өзге де өнерпаздар өнер көрсетті.

Ал кештің ерекше сәттерінің бірі АҚШ-тан келген әуесқой күйші Мистер Джеффтің Құрманғазының «Адай» күйін орындауы болды. Еркіндік рухы мен дала мінезін бойына сыйдырған екпінді туынды америкалық өнерпаздың орындауында қазақ күйінің ұлт пен тіл шекарасынан асатын құдіретін танытты. Оның домбыраға деген ықыласы мен ұлттық өнерімізге көрсеткен құрметі мерекелік кешке айрықша реңк қосты.

«Біздің жәрмеңке» - елдік пен бірлікті ұлықтап, туған жерге деген сүйіспеншілікті өнер тілімен жеткізген тағылымды кеш болды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью