Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Бас экономист Марк Зандидің талдауына сәйкес, тамыз айының аяғында 21 штат пен Колумбия округі рецессияға кіру жағдайына түсті.
Иллинойс (АҚШ ЖІӨ-нің 3,85%-ы), Джорджия (3,03%), Вашингтон (3,02%), Нью-Джерси (2,93%), Массачусетс (2,73%) және Вирджиния (2,66%) рецессия жағдайында немесе оған жақын.
Экономикасы тоқырауға ұшыраған штаттар құрамына Калифорния (14,5%), Нью-Йорк (7,92%), Огайо (3,14%) және Мичиган (2,44%) кіріп отыр.
Экономикасы өсіп келе жатқан штаттар арасында Техас (9,41%), Флорида (5,78%), Пенсильвания (3,54%) және Солтүстік Каролина (2,86%) бар.
Экономисттің айтуынша, оңтүстік штаттар негізінен ең мықты, бірақ олардың өсімі баяулап отыр. АҚШ ЖІӨ-нің бестен бірінен астамын құрайтын Калифорния мен Нью-Йорк рецессияға берілмей отыр.
Бұған дейін АҚШ үкіметі жұмысын ішінара тоқтатынын хабарлаған болатынбыз.