АҚШ тың Иранмен байланысы бар елдерге салған 25% баж салығы: Қазақстанның ұстанымы қандай?

14.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Сауда және интеграция министрлігі халықаралық сауда-экономикалық күн тәртібі мен жағдайдың даму үрдісін, оның ішінде АҚШ-тың Иранмен сауда байланысы бар елдерге қатысты жариялаған мәлімдемелерін мұқият қадағалап отырғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Фото: kisi.kz

Министрліктің хабарлауынша, қазір ықтимал шаралардың қолдану параметрлері әлі нақтыланбаған. Десе де ведомство осыған байланысты әртүрлі даму сценарийлерін бағалауды жалғастырады.

«Сонымен қатар Қазақстан өзіне алған халықаралық сауда-экономикалық міндеттемелерін тұрақты түрде орындап келеді және сыртқы экономикалық саясатта салмақты әрі прагматикалық ұстанымды басшылыққа алады», делінген министрлік таратқан хабарламада.

Бұған дейін АҚШ президенті Трамп Иранмен кәсіп жүргізетін барлық елге 25 пайыздық баж салығын енгізген еді. 

Еске салайық, Ирандағы саяси ахуал және оған қарсы санкциялардың күшеюіне байланысты әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті.

Ал Иран билігі наразылықтар кезінде шамамен 2000 адамның қаза тапқанын мойындап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Қаржы мониторинг агенттігі блогер Қайсар Қамзаға неліктен іздеу жариялағанын айтты

Қоғам • Бүгін, 09:25

Желіден жалыға бастады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:22

Мәртебелі мысық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:20

Қостанай облысында оқушылар қашықтан оқиды

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Ең қымбат қуаныш

Қоғам • Бүгін, 09:17

Достықты дәріптеген мюзикл

Театр • Бүгін, 09:15

Домбыраға құштар жапон жігіті

Қоғам • Бүгін, 09:13

Ақ жол, Асу!

Жекпе-жек • Бүгін, 09:10

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:08

Үкімет геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөледі

Үкімет • Бүгін, 09:06

Шоқпартоғайдағы «морж»

Қоғам • Бүгін, 09:05

Шаруаларды алаңдатқан ахуал

Мәселе • Бүгін, 09:03

Цемент өнеркәсібіндегі тың серпін

Өндіріс • Бүгін, 09:00

Жылқыны асылдандыру – маңызды мәселе

Шаруашылық • Бүгін, 08:55

Мұнай өндірісі ұлғайды

Экономика • Бүгін, 08:50

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью