Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы әскери қақтығыстың аяқталғанын мәлімдеп, оның нәтижесін Құрама Штаттар үшін жеңіс деп атады. Сонымен қатар, сарапшылардың бағалауынша, бұл текетірес америкалық экономикаға ондаған миллиард доллар шығын әкелген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен арадағы әскери қақтығыстың аяқталғанын мәлімдеп, оның нәтижесін Құрама Штаттар үшін жеңіс деп атады. Сонымен қатар, сарапшылардың бағалауынша, бұл текетірес америкалық экономикаға ондаған миллиард доллар шығын әкелген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CNN-ге сілтеме жасап.
АҚШ соғысқа қанша қаражат жұмсады?Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының (CSIS) алдын ала болжамы бойынша, Пентагонның соғысқа жұмсаған тікелей шығындары шамамен 40 миллиард долларды құрады. Бұл сомаға қару-жараққа, жойылған техникаға жұмсалған шығындар мен әскери нысандарға келтірілген залал кіреді. Оның үстіне, АҚШ Қорғаныс министрлігі қосымша 80 миллиард доллар қаржыландыру сұратты, оның бір бөлігі қақтығыс салдарымен байланысты.
Ең көп шығын әкелген бап - оқ-дәрілер болды. Сарапшылардың есептеуінше, бұған шамамен 26 миллиард доллар жұмсалған. Атап айтқанда, америкалық әскерилер құны шамамен 2,5 миллион доллар тұратын қымбат Tomahawk зымырандарын белсенді қолданған.
Сарапшылар бұл соғыс АҚШ-тың зымыран және басқа да қару-жарақ қорын айтарлықтай азайтқанын атап өтті. Олардың орнын тезірек толтыру үшін Трамп әкімшілігі қару өндірісін арттыруға мәжбүр болды.
Айта кетейік, әскери қақтығыс басталғаннан бері желіде АҚШ-тың Иранға қарсы операциясына жұмсалған шығындарды нақты уақыт режимінде есептейтін Cost of the Iran War ("Ирандағы соғыстың құны") сайты пайда болды. 22 маусымдағы жағдай бойынша шығын көлемі 113 миллиард доллардан асқан.
Иранмен арадағы соғыс бағаға қалай әсер етті?Қақтығыс жанармай құнына әсерін тигізді. Егер соғыс басталғанға дейін АҚШ-та бензин орта есеппен бір галлон үшін үш доллардан аз болса, текетірес қызған тұста баға төрт доллардан асып кетті.
Браун университетінің есептеуінше, бағаның өсуіне байланысты америкалық отбасылар энергия ресурстарына бейбіт уақыттағыдан 250 долларға артық қаражат жұмсаған.
Дизель отынының бағасы да айтарлықтай өсті, бұл фермерлер мен көлік компанияларының шығындарын арттырды. Америкалықтардың дизельге жұмсаған қосымша шығындары шамамен 27 миллиард долларға бағаланып отыр.
Соғыстың тағы бір салдары АҚШ-тың стратегиялық мұнай резервінің 1983 жылдан бергі ең төменгі деңгейге дейін қысқаруы болды.
Инфляция жағдайы қалай?Жанармай бағасының қымбаттауы АҚШ-тағы инфляцияны жеделдетті. Жылдық көрсеткіш кейінгі үш жылда алғаш рет 4 пайыздан асты.
Америкалық статистикалық қызметтердің мәліметінше, баға халықтың табысына қарағанда жылдамырақ өсе бастаған. Бұл көптеген америкалықтардың сатып алу қабілетінің төмендегенін білдіреді.
Еске сала кетейік, 18 маусымға қараған түні АҚШ пен Иран әскери қақтығысты тоқтатуды көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың алдағы қадамдарын айқындайды. Атап айтқанда, АҚШ теңіз блокадасын алуы тиіс, ал Иран әлемдік мұнай жеткізілімі үшін маңызды бағыттардың бірі саналатын Ормуз бұғазы арқылы толыққанды кеме қатынасын қалпына келтіруі қажет.
Тағы оқыңыз: Мұнай мен ядролық бомба үшін шайқастағы тең түсу. Сарапшы Иран мен АҚШ арасындағы меморандум туралы
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу